"Әйел ретінде әлсіздігімді көрсетпеймін" Дана Есеева қалыпты өмірін жалғастырып жүргені үшін өзін сынғандарға жауап берді

605

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.instagram.com/meirzhach_tv/Қазақстандық танымал блогер Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі Мейіржан Төребаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Дана Есеева азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол өзін орынсыз сынға алып жатқанын айтып, күйеуінің қазіргі жағдайын бөлісті. Блогер отағасымен тұрақты түрде кездесіп тұратынын алға тартты. Сөзінше, Төребаев бүгінде фильмнің сценарийімен айналысып жатыр. Вайнер бала-шағасымен кездесуді асыға күтіп жүр.

"Мен Мейіржанның қорғаушысымын және заң бойынша онымен кездесуге құқығым бар. Әрине, рұқсат етілген кездерде оған барып тұруым қалыпты нәрсе. Желіге салмасам, екеуіміз кездеспейміз деген сөз емес. "Жағдайы қалай?" деген сауалға айтарым, негізінен фильмнің сценарийімен жұмыс істеуде. Әділеттілікке сеніп, балалармен кездесуін күтіп жүр.Ең орынсыз: "Неге мен үйде жылап отырмай, жұмыс істеп жүрмін?" деген сауалға тек "ол күнге жете алмайсыздар" деп жауап бергім келеді. Ең бастысы, Мейіржан тірі, осыны ұмытпаңыздар.  Әйел ретінде әлсіздігімді көрсетпегенім үшін ызаланып жүрген еркектер, маған өз ойларыңызды таңбаңыздар. Сіздер солай жасасаңыздар, мен жасамаймын", - деп жазды ол.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.