1380 теңгеге Сәкен Майғазиев ұлының тойының онлайн трансляциясын сатып жатыр

2 326

Фото: Видеодан скриншотТанымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көргісі келетіндерге үндеу жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзі уәде еткендей онлайн тойға тіркелуге болатын сілтемені жүктеді. 


"Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркеу басталды", – деп жазды Майғазиев.


Одан кейін ұйымдастырушылар қандай арнаға тіркелеу керегін егжей-тегжейлі түсіндірді. 


“Майғазиевтер отбасында үлкен қуаныш. Әділет пен Әдияның үйлену тойының онлайн трансляциясы. Біз жабық Telegram арнасын аштық. Ол жерде тойдағы ең қызық әрі жарқын сәттерді тамашалауға болады. Осы ерекше күнді бізбен бірге атап өтетініңізге қуаныштымыз”, – деп жазды той ұйымдастырушылары.


Онлайн тойдың бағасы да жарияланған. Қалтаңызда 1380 теңге болса тойға қатыса аласыз. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.