Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым

681
Тұрсын Алагөзовті көпшілік Баян Мақсатқызының екінші жолдасы ретінде таниды. Жастайынан кәсіпкерлікпен айналысқан ол қазақстандық шоу-бизнеспен де кейіннен танысқан. Өзін танымал адам боламын деп те ойлаған емес. Баянмен өмір бойы бірге болу үшін бәрін құрбан еткенін мойындайды.

“Мен ақылмен ойланып қарағанда менің әрекетімнің ақылға қонбайтынын білемін. Бірақ мен Баянды сүйіп қалдым. Басқа не істей аламын? Мен бәрінен бас тарттым. Онсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім. Мен 50 жасымда өмірдің жаңа басталғанын түсіндім. Баянды кездестіргелі Қазақстанда шоу-бизнес деген түсінік бар екенін білдім. Әншілерді тани бастадым. Спортпен тұрақты айналыса бастадым. Баян да спортты қолға алды. Былайша айтқанда, өзім үшін өмір сүретін уақыт келді. Бұрын менде паркте демалып отыруға уақыт болған жоқ. Ол кезде мен тек жұмыс істедім. Таңертең жұмысқа кететін едім. Қазір өзім үшін өмір сүремін. Таңертең жаттығамын. Мейрамханаға барамын. Өзім қалаған нәрсені жасаймын. Мен өткенім үшін өкінбеймін. Мен енді ғана өмір сүріп жатқандаймын. Сондықтан спортты қолға алдым”, – деді Алагөзов.

Ал Баян Мақсатқызы осы уақыт аралығында өзін қолдаған жолдасына алғысын білдірді.
“Тұрсынның ең жақсы қасиеті – ол өте ұстамды. Ешқашан сынбайды да, өзгермейді де. Мәселен, осы 5 жылда небір кезеңдерді өткердік. Жыладық, құладық, айқайластық. Өміріміз үлкен боранға айналып кеткендей болды. Соның ешқайсысында дауыс көтеріп, қолын бір сілтеп кеткен жоқ. Әрдайым ұстамдылық танытты. Өзгерген емес. Материалдық жағынан да, моральді жағынан да бәрін басынан бастадық. Ол өзін тастаған жоқ. Ешнәрсені білдіртпейді. Уайымдамайды. Қашан амалы таусылар екен деп ойладым. Қашан күлкісі ашуға айналар екен дедім. Бірақ олай болмады. Оның сол қасиетіне ризамын. Мен жылап жатқан күндерде де маған жұбату айтты. “Бастысы біргеміз, қалғанының бәрін жеңеміз деумен” келеді”, – деді ол.