Абай мен Жанель: қарсылыққа қарамастан ғашықтар бақыт тапты

1 570

Фото: https://www.instagram.com/abay.asylkhan/Танымал актер Абай Асылхан жары, актриса Жанель Мақажанға қатысты сұраққа жауап берді.,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Актер өзінен жасы үлкен әйелді таңдауы мен отбасылық өміріндегі қиындықтар туралы сыр шертті. 

“Жанель менен 8 жас үлкен. Ол кезде мен студент едім, оның бұрын тұрмыста болғанын, екі баласы бар екенін білетінмін. Сол кезде менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін біз бір жобада бірге жұмыс істей бастағанда оған деген жылы сезім пайда болды”

, – деді Абай Асылхан. Сондай-ақ актер бастапқыда ата-анасының қарсы болғанын да жасырмады: 

“Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Солайша біз көптеген сынақтардан өттік. Кейбір адамдар ‘Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды деген пікір білдірді”

, – дейді актер.

Осылайша ғашық жандар ата-ананың қарсылығына, қоғамдағы пікірлерге қарамастан, екеуі бір-біріне деген сезімдерін сақтап, бақытты отбасын құруға қол жеткізді. Бұл оқиға қиындықтарды сүйіспеншілік пен сенім арқылы жеңуге болатынын дәлелдейтіндей.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.