Фариза Төреәліге күйеуі электрокар сыйлады
2 522
Танымал блогер Фариза Төреәліге күйеуі туған күнінде қымбат сыйлық сыйлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Блогер туған күнін Париж қаласында атап өтті.
“Естеріңізде болса, бір жыл бұрын Фаризаның туған күніне АҚШ-та мен мерседес сыйлаған едім. Енді Алматыда көлік болмағандықтан, осындай көлік сыйлаймын деп шештім”, – деді Дархан Нортаев.
Алайда туған күн иесі тосынсыйдың қандай болатынын білмейтін болып шықты.
“Қазақстанға келгенде тосын сый күтіп тұр деп еді. Бірақ шын мәнінде дәл бұлай болады деп күтпедім! Сыйлық сылаудағы шынайы мақсат — өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу. Әр әйел қауымы бар жақсылыққа лайық. Мәселе сыйлықта емес, ниетте. Баршаңызға шын жүректен бақытты сәттерді тіледім. Сіздерге де Алла тағала бар жақсылықты нәсіп етсін, қыздарым”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары туған күн иесіне ізгі тілектерін жаудырып жатыр.
“Машина жүргізбейтін Фариге машина алып бере беруге ерінбейтін Дархан. Коллекция жинаңыз", "Құтты болсын. Менің кыздарыма да сендей жігіт жолыктырсын Аллаһ", "Құтты болсын... Күніге орамалыңыздың түсіне байланысты көліктерді ауыстырып айдайтындай дәрежеге жетіңіздер", –деп жазды оқырман қауым.
: