Сахнадағы өлім: Мәскеуде Үлкен театр әртісі қаза тапты

515

Мәскеудегі Үлкен театр әртісі Евгений Кулеш қойылым кезінде қаза тапты. Әртіс спектакль декорациясының астында қалып қойған. Желіде оқиғаның видеосы тарады - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  "Известия" сайтына  сілтеме жасап. 

Оқиғадан кейін шымылдық жабылып, үзіліс жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, декорация төменге қарай түскен, бірақ 37 жастағы әртіс дер кезінде кетіп үлгермеген. 
"Спектакль қайғылы аяқталды. "Тоқта! Тоқта! Жедел жәрдем шақырыңдар. Мына жерде қан!" деген сөздерден кейін қойылым тоқтатылды. Біз бастапқыда мұны спектакльдің бір бөлігі екен деп ойладық. Үзіліс жарияланды, кейін қойылымның тоқтатылғанын хабарлады", - дейді куәгерлер. 
Басылымның хабарлауынша, декорация жақсы бекітілген және сюжет бойынша сахнаға жақын түсірілуі керек болған. Белгісіз себептерге байланысты әртіс дер кезінде алға жылжып үлермеген. 
Құқық қорғау органдары ер адам шудың кесірінен декорацияның астынан кету керектігін естімей қалғанын мәлімдеді. Спектакль декорациясы секундына 1-2 метр жылдамдықпен түсірілген. 
Қаза тапқан әртіс Евгений Кулеш Үлкен театрда 2002 жылдан бері қызмет еткен.