Айқын Төлепберген: Америкада бомж болу ұят емес, олардың өзі айына 2 мың доллар табады

595

Шетелдің бірнеше елін аралаған Айқын Төлепберген ондағы мәдениет, адамдардың құқығы мен жалақысы туралы айтты. Әнші ұят пен ұят емес дүние туралы сөз етті. Ұят дегенді адам өскен сайын ұғына бастайды дейді ол.



Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды. 

Айқын Төлепберген шетел мәдениеті туралы аз-кем әңгімеледі. Америка тұрғындары өз құқықтарын білетін, өз еркімен өмір сүретін халық деп түсіндірді. 


Америкада кез келген нәрсенің салығы бар. Киім алсаң да, тамақ ішсең де, жанармай құйсаң да белгілі бір мөлшерде салық төлейсің. Сондықтан олар ақша төлеп отырғанын біледі. Ақша төлеген соң құқығын да біледі. Кез келген нәрсені талап ете алады. Себебі ол үшін ақша төлеп отыр. Ал бізде қалай? Біз де солар секілді салық төлейміз. Бірақ оны өзіміз білмейміз. Оларда бәрі чекте көрсетіледі. Бізде жоқ. 180 теңгеге жанармай құйсақ, оның 6 теңгесі салық екенін білмейміз. Біз бірнәрсені талап етейік десек, ұят секілді. Жеткізіп барғандай сезінеміз. Одан да орыс көршіміз айтсын деп жүре береміз” – деді әнші.

Айқынның айтуынша, Америкада бомж болу ұят емес. Олардың өзі айына жақсы ақша табады және олардың өмірі қалыпты саналады. 


Ол жақта бомждардың өзі жұмыс істеп жүрген секілді. Олар өлмейді. Күнделікті ақшасын табады, тамағын алады. Ішкісі келгенді ішеді. Оларға сондай өмір ұнайды. Ешкім сен бомжсың демейді. Оларда ондай ұят деген түсінік жоқ. Әркім өз қалауынша. Және бір-бірінің қалауын құрметтейді”, – деді Төлепберген

Айқын қазақта “ұят болады” мен “обал болады” қазақтың төл сөз дейді. Бұл ұғымды адам есейген сайын жақсы түсінеді дейді ол. 


“Бала күнімізде ненің ұят ненің ұят емес екенін түсінбедік. Қазір әке болғанда баламыздың көзінше анайы кадрларды көру ұят секілді. Баламыз емес, өзіміз ұяламыз. Адам есейген сайын түсінеді. Обал-сауапты енді біліп жатырмыз. Сондықтан ұялатын нәрседен ұялу керек. Ұялмайтын нәрседен ұялмау керек”, – дейді әнші.
 
Төлепберген қазақ әндері мен шетелдік әндердің айырмашылығын айтты. 


Біз де қазақ өнерін әлемдік деңгейге көтере аламыз. Бірақ қазақы нақыш болу керек. Қазақша ән екені біліну керек. Шетелдікіндей жазсақ, онда ұзақ өмір сүрмейді. Қазақы қайырма, дауыс сақталу керек. Шетелдікіне еліктей берсек, онда таңғалдырмаймыз. Фонограммамен айтудың өзі өнер дейді Нағима Есқалиева. Бірақ мен фонограммамен айта алмаймын. Мен актер емеспін. Өтірік ойнай алмаймын. Тойда ән айтып тұрсаң, біреу келіп сенімен суретке түссе, сенің аузыңды жыбырлатып тұрғаныңды көреді. Мен олай айта алмаймын. Сондықтан тойда болсын, басқа жерде болсын тірі дауысты ән айтқан ұнайды”, – деді ол.