Мониторингтік топтан қашпақ болған Қайрат Нұртас видеоға түсіп қалды

523

Фото: видеодан скриншотАлматыда мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталды. Мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірген. Ең қызығы, карантин талаптарын сақтамаған қонақтардың арасында елге танымал әншілер мен әртістер де бар. 

Телеарна тілшісі мен мониторингтік топ өкілдеріне іштегі қонақтардың бірі күтпеген жерден мейрамхана есігін ашып берген. Келушілер қашуға тырысқанымен ешкім құтыла алмаған. Ең қызығы олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас пен Кенжебек Жанәбілов те бар.
Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге тап берген. Тіпті, телеарнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан. 

"Өздеріңіз көргендей, бұл мейрамханада адам саны өте көп. Олар карантин талаптарын бұзғаны аздай, жол ережесін де сақтамаған. Көліктерді жолға дұрыс қоймаған. Қазіргі таңда қалада тексерістің күшейтілгенін тағы да ескерткім келеді. Денсаулығымызды ойлап, үйде отырайық. Рейд жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді", – деді СЖҚК агенттігі жанындағы арнайы республикалық мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов. 

Кәсіпкерлік нысанда 200-ден астам адам болғаны анықталған. Барлығы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабына бойынша хаттама толтырылған. Келушілер мен мекеме қызметкерлеріне 87 мың көлемінде, кәсіпкерге 670 мың теңге шамасында айыппұл салынған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.