Әнші Жәзира Байырбекова бала сүйе алмаудың басты себебін айтты
683
Жәзира Байырбекова бала көтере алмай жүрген қыз-келіншектердің мәселесі жөнінде арнайы эндокринолог маманмен әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан.
Әнші сәби сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар арасында ерлер қауымының еріншек екенін ашық айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл мәселе Жанболат пен Жазираға жақсы таныс. Өйткені Байырбекова да біраз жыл бала көтере алмаған еді. Дәл осы тақырыпты ұзақ зерттеген әнші басты себебін айтты.
"Біздің қазақы менталитет қой. Егер бала болмай жатқан жағдайда ер азамат тексерілмей жүре береді де, әйел көрініп, емделіп, денсаулығын шаршатып алады. Ер азаматтар толық тексерілуге ерінеді, мән бермейді. Қазір біз бала көтеру жайлы әңгіме қозғап кеттік қой. Бізде үйленіп, отбасылы болып, бірнеше жыл бала көтере алмай әрең дегенде бала көтерген қыз-келіншектер өте көп. Ең бастысы, қандай дәрігерге қаралу керек? Мысалы, уролог пен гинекологқа қаралып қана қоймай, эндокринологқа да қаралу керек, иә?", — деп сұрады Байырбекова.
Жәзира Байырбековамен тікелей эфирде сұхбаттасқан эндокринолог та әншінің бұл сауалына өз жауабын берді.