Тамара Асар өгей ұлына жазба арнады

2 377

Фото: www.instagram.com/tamara_assar_official/Белгілі әнші Тамара Асар жолдасының бірінші некесінен туған ұлына арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі осыдан бес жыл бұрын бір баласы бар азаматқа тұрмысқа шыққан еді. 

“Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз! Ажартайдың ақасы! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен “мама” деп атаған сеніміңе рахмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын! Әмин”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Тамара Асар не себепті жеті күндетұрмысқа шыққанын түсіндірген еді.

“Танысар сәтте "қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленем" деп айтып қалған сөзінің соңынан жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн яғни қасымда отырып, әкем тірі кезі еді, оған онлайн видео қоңырау шалып "Біз үйленіп жатырмыз" деді. Әкем рұқсатын берді. Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді. Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып жария қылмадық. Анамның талабы солай болды. Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды. Менің туыстарым да, оның туыстары да, бірге жанында жүрген дос-жұмыстастары да бұл жайында білмеді. Тойымыз бес адаммен, құдалығымыз алты адаммен өтті”, – деген еді әнші. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.