63 жастағы Роза Рымбаева дайвингпен айналысып, Қызыл теңіздің түбіне түсті

210

Фото: видеодан скриншотҚазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева ұлы мен келінімен бірге Мысыр еліне демалысқа аттанды. Отбасылық демалыс кезінде 63 жастағы өнер иесі дайвингпен айналысып, Қызыл теңізді барынша зерттеп көруді шешкен.
Анасының батыл қадамы туралы Әли Оқапов өзінің Instagram парақшасында айтып берді. 
"Менің анам барлығынан да мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол дайвингке өзі сұранып, Қызыл теңіздің түбіне түсті", - деп жазды Рымбаеваның тұңғышы. 


Әли Оқапов жариялаған видеодан суға түсуге арналған киім киіп алған Роза Рымбаеваның арнайы маманның көмегімен теңіздің астына түсіп бара жатқанын көруге болады. 


Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл қасиетін жоғары бағалап, батылдығы үшін оны мақтай бастады. 


"Жарайсыз, Роза ханым. Сізге күмән жоқ", "Керемет, бұл кісі ештеңеден қорықпайтын секілді", "Аңыз әйелдің жасы ұзақ болсын. Біз сізді мақтан тұтамыз", "Сіздің мықтылығыңызда ешкім күмәнданбайды да", "Жастардан қалысамыз ба? Дұрыс, жарайсыз", - деп жазған оқырмандар.