Төреғалидің жары ене мен келін арақатынасына пікір білдірді

755
Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі қоғамдағы ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты өз ойын айтты. Толқын Тұрарбекқызы олардың арасында туындаған дау салдарынан бүгінде көптеген жас отбасылар шайқалып жатқанын алға тартты.

Төреғали Төреәлінің жары келін мен ене арақатынасына қатысты жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол қоғамда аса қызу талқыланып жатқан тақырыпты көтеріп, өз ойымен бөлісті. 
Толқын Тұрарбекқызының сөзінше, отбасының болашағы көп жағдайда келін мен ененің өзара арақтынасына тікелей байланысты. Олардың арасында туындаған дау жас жанұяны ажырасуға дейін де жеткізу мүмкін. 
"Қазақ халқы әр нәрсенің ара жігін ажыратып, орнын белгілеп қойған дана халық! Ене мен келін арасындағы даудың барын, жасырғанымызбен, бүгінгі күннің жас отбасыларының ажырасуына себеп болатын анасы мен әйелінің ортасында қалып қойған ер адамның дәрменсіздігін көзіміз көріп жүр. Енесі келініне, келіні енесіне өз дегендерінің дұрыстығын дәлелдеумен туатын даулардың куәсі болғандарыңыз қаншама. Біздің менталитет- бастаған іске беліңді буып, қолдан келгенше көмек берудің орнына, сағыңды сындырып, сынын білдіреді! Менталитті қалыптастыран адамдар. 

Айтқым келгені, ақыл айту емес мақсатым, құрметті оқырман! Әр адамның басында әртүрлі проблема, әр түрлі кедергі, әр түрлі мақсат бар! Пікірлеріңізді білдіріп, қолдаған жандарға алғысым шексіз. Жас қыздар, болашақ келіндер, жас келіндер! Әр түрлі жағдайдағы отбасына тап болады! Әр түрлі ененің, әр түрлі күйеудің қолында, өмір сүруге деген құлшынысы азайып, қаншама бала әкесіз өсіп жатқаны жаныма батады. Бірақ жүктің бәрі сол келінге түсіп, кінәнің бәрін өмір бойы арқалап өтетін сол келін. 

Алланың берген тағдырына мойынсұнамыз әрине, бірақ әрекетте - берекет бар, Алла Тағала сабыр етушілерге берген сыйы толассыз! Әр адам өзін тек ішінен көреді, яғни фокус сыртқа қарайды, сондықтан барлығымыз кінәні сырттан іздейміз. Ата-енем, ақшаның тапшылығы, күйеудің қауқарсыздығы тағы-тағы. Бірақ әрқайсысының Алладан берілген сынақ екенін, сол нәрседен сабақ алмайынша, Алла дәрежемізді өзгертпейтінін түсіне бермейміз! Яғни сол дөңгелектің шырмауынан өмір бойы шықпай жүре беруіміздің себебі өзімізде екенін қабылдау қолдан келе бермейді" , - деп жазды Толқын.