Балаларым әкесінің туған күніне бармайды

1 563

Жұлдыз Әбдукәрімова: Балаларды әкесінің туған күніне жібермегенім үшін ренжімеңіздер деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқырмандардың бірі Қайраттың жабырқап жүргенін айтып, балаларын әкесіне жібермеген актрисаны кінәлаған. 


"Қайрат аға мен балаларын неге кездестірмедіңіз? Туған күнінде жабырқап отыр. Ол кісі не істесе де, әкелері ғой. Дұрыс болмады, сізді ақылды әйел деп ойлап жүрсем, қателесіппін", - деген оқырман

Оған Әбдукәрімова: 

"Ақылды әйел" деп ойлап жүрген ойыңызды "қателестіргенім" үшін кешіріңіз. Балаларды сабақтың үстінен жұлып алып, "Сендер екі күннен кейін қаласаңдар да, қаламасаңдар да ұшасыңдар" демегенім үшін кешіріңіз. Олардың оқуы мен қалауын таңдағаным үшін кешіріңіз. "Не істейік" деп сізбен ақылдаспағаным үшін кешіріңіз. Тағы кешірім сұрайтын не қалды өзі?" - деп жауап берді
Актриса бір елдің тағдырын шетке ысырып, бір отбасының "ыдыс-аяғын" әңгіме қылғандарға ренішін жеткізді. 

"Дәл осындай деңгейдегі аналар ертеңгі елге қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеп жатыр. Ірі мен ұсақты ажырата алмаймыз. 
Алло, кеше өз еліміз, бүгін өзге ел халқы зұлматтың құрбаны боп жатыр!" - деді Жұлдыз.