Белгілі блогер Елдос Калабок жұрттан сүйінші сұрады

2 534

Фото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok?Белгілі блогер Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан алғаш рет ата-ана атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жағымды жаңалықты блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады. Олар сәбилі болуды 9 жыл бойы күткен. 

“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын!
Қош келдің, ұлым. 12.11.2025 
Ішпей-шекпей де мас болуға болады екен. Бақыттан басым айналып, ұшып жүрмін, ағайын. Сезімді жеткізе алмай жазып отырмын. Жүрегім ішіме сыймай жатыр. Шүкір, шүкір, шүкір”, – деп жазған ол.

Желі қолданушылары жас отбасыны қуаныштарымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.

Блогердің жанкүйерлері мен достары отбасына зор денсаулық, бақыт және сәбиге ұзақ өмір тіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.