Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің 3 жылға сотталғанын айтты

2 654

Фото: instagram/ dana_nurzhigitТанымал журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесі Динара Сатжанға сұхбат берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол өзінің жеке өмірінде болған қиыншылықтарын айтып, алты ай бойы депрессия болғанын, психотерапевтермен жұмыс істегенін айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасы шықпаса да Динара Сатжан Дана Нұржігіттің басынын өткен жайттар туралы сұхбаттан үзінді жариялады.

Журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт сталкердің құрбаны болды. Бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін қыр-соңына түсіп, жүргізушіні аңдыған.

 Адамды аңдып, үнемі оны күзету сталкинг деген атаққа ие. Бұл еліміздегі заңда жазылмаған бап.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», - деп жазды Динара Сәтжан.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.