Зарина Омарованың әрекеті көпшілікті таңғалдырды
Танымал композитор Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова апасының бейітінің басында ән айтып, жұртты шошытты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Зарина Омарова таяуда басқа да өнер адамдарымен бірге әнші Сәкен Майғазиевтің шешесінің қолын алып, арнайы барып қайтыпты.
"Шымкентке келгенде апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, енді бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым" деген Зарина Омарова апасының зиратында тұрып "Анашым" әнін шырқады. Бейнероликті сілтемеден көре аласыздар.







