Қайрат Нұртастың әйелі жас актердың құшағында шыр айналды

1 574

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова жас актердің құшағына еніп, театрда жаңа рөлін сомдап шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Түркістан музыкалық драма театрының актрисасы Жұлдыз Әбдукәрімова жас актермен қойылымда ойнаймын деп оңбай сынға қалды. Әлеуметтік желіде Жұлдыз Әбдукәрімова мен белгісіз актердің “Махаббат мұнарасы” деп аталатын қойылымда өнер көрсеткен сәті тарап кетті. Актерлер образдарын ашу үшін барын салды. Жұрт отбасылы әйелдің денесіне қол жүгірткен жас актерді де, осы рөлге келіскен Жұлдыз Әбдукәрімованы да сынап тастады. 


@qanataman

#жулдызабдукаримова #түркістанмузыкалықдраматеатр

♬ оригинальный звук - qanataman


Бейнежазбаны көрген көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Бірі танымал өнер адамының әйелі және төрт баланың анасы Жұлдыздың бұл әрекетін ұят деп санаса, енді бірі мұны өнердің тілі дейді. 


“Қайрат қалай рұқсат берді екен?”, “Қайраттың келіншегін құшақтаған мына жігітте арман жоқ”, “Отбасылы әйел емес пе? Ұят екен”, "Әйелің әртіс болмасын деген осы екен ғой", “Тым ерсі көрінеді”, “Қайрат әйелінен айырылып қалып жүрмесін”, “Ақылды әйел деп ойлаушы едім”, “Талантты көре білу керек”, “Түсінемін, рөл сондай”, “Әдемі билейді екен”, – деп жазды желідегілер.