Әсел Асқарды күйеуі үйінен қуып жіберген

593
Актриса әрі блогер Әсел Асқар екінші күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Әселдің айтуынша, күйеуі Айбек қиын кезде қолдау көрсетпеген. Шетінеген баланың қырық күні өтпей жанжал шығарып, қайғыдан қан жұтқан ананы үйінен қуып шығыпты.

Бастапқыда бірнеше рет үндемедім, себебі оған шай әзірлеп беретіндей күшім болған жоқ. Баланы жерлеген соң 40 күн жылап отырғанда, ол мені қолдамады. Керісінше үйден қуып шықты. Бұл қайғы ортақ қой. Меніңше, бұл - нағыз қатыгездік. Өте ауыр тиді, - деді Әсел Асқар "MOM'sкий әңгіме" жобасында.

Дәл осы жағдайдан кейін Әсел екінші күйеуімен ажырасып кеткен. Қазіргі таңда бұрынғы ерлі-зайыптылар өзара қарым-қатынасын толықтай үзген. Блогердің айтуынша, бүгінде экс-жолдасы басқа қыздармен кездесіп, сауық-кештерде көңіл көтеріп жүрген көрінеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.