Вьетнамдық журналистер Димаш Құдайберген туралы жарыса жазуда
6 желтоқсанда Вьетнамның астанасы Ханой қаласында өтетін ең ірі 8WONDER Winter 2025 фестиваліне қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қатысатыны туралы жаңалық шетелдік басылымдарда кеңінен талқыланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Вьетнамның жетекші ақпарат құралдары Димаштың шығармашылығына ерекше назар аударып, оның талантын түрлі қырынан сараптаған.
Saigon Giai Phong: «Димаштың дауысы – шексіз кеңістік»
Елдің беделді басылымдарының бірі Saigon Giai Phong алдымен фестиваль туралы хабарлап, кейін қазақстандық өнер иесінің даралығына тоқталады.
Газет журналистері Димаштың дауыс мүмкіндігіне тәнті болып, оны адам мүмкіндігінен де жоғары деңгейге көтереді:
Tuoi Tre: «Димаш – сирек кездесетін жаһұт»
Ал Вьетнамның күн сайын шығатын тағы бір ірі газеті Tuoi Tre Димашты «сирек кездесетін жаһұт» деп атап, оның көпқырлы таланты мен шығармашылық еркіндігін ерекше бағалайды.
Басылым сонымен қатар Димаштың шығармашылық ұстанымын жоғары қоятынын атап өтеді:
VnExpress: «Аспанмен астасқан дауыс»
Вьетнамның ең танымал жаңалықтар порталы VnExpress те қазақстандық әнші туралы арнайы мақала жариялап, оны «аспанмен астасқан дауыс иесі» деп сипаттайды. Материалда Astana Times газетінде жарық көрген сараптамадан үзінді келтірілген:







