Шахизаданың 18 жас кіші төртінші күйеуі әншіден жан тынышытығын іздеген

2 356

Әнші Шахизада өзінен 18 жас кіші төртінші күйеуі жайлы бар шындықты айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



"Қыздар-ай" бағдарламасында әнші Шахизада бар құпиясын ақтарды. 


Бағдарлама жүргізушісі Жанар Айжанова Шахизададан сұлулығы мен мінсіз мүсінінің құпиясын сұрады. Айжан Нұрмағамбетова өнер иесінің сымбаттылығының сыры жүрегінің бостығында екенін айтты.


“Басы бос болған соң бәріне уақыты жетеді. Өзін сүйеді”, – деген Айжан Нұрмағамбетоваға Шахизада енді жалғыз емес екенін жеткізді.


“Енді басым бос емес. Мен кішкентай кезімнен ізденіп қалған адаммын. Әпкелерім “қияли Шахизада келе жатыр” дейтін. Сол сияқты үнемі ізденіс, әдемілікке құлшыныс, жақсы нәрсе көру, дәмді тағам жеу, жақсы сөз айту менің қанымда бар. Жүрегім махаббатқа толы”, – дейді Шахизада.


“Бір біріңізді қалай таптыңыздар?” деген сауалға өнер иесі: “Ерболат көптен бері сахнада жүрген жақсы әнші. Әпке-бауырдан басталды. Сосын оның жүрегінің бір нәрсесі шым ете қалды. Не істеймін енді?”, – деп жауап берді.


Шахизаданың айтуынша, сүйіктісімен арасындағы жас айырмашылығы махаббатқа еш кедергі болмаған.


“Арамыз 18 жас. “Махаббат жасқа қарамайды”, “жүрекке әмір жүрмейді” деген сөз бекер айтылмаған. Жақсы көретін адамың болса, түсіністікпен қарау керек. Әрине, ішім жылайды, бірақ мен сыртқа көрсетпеймін. Мен тек ән арқылы жіберемін”, – дейді өнер жұлдызы.


Бағдарлама барысында психолог мұндай некенің не себепті болатынын талдап, талқылады. 


Өмірде жетістікке жеткен әйел адамдарға жас жігіттер бәріне ғашық болады. Оны ел не дейді дегенмен, сыртқа айтпауы мүмкін, құпия сақтауы мүмкін. Бірақ ер азаматтарға не керек жетістікке жеткен адамдардан. Тыныштық керек. Ал, жас қыздар миын жей береді. Ал, жігіттердің онсызда тик-токтан шықпай отырып, миы ашып кеткен. Сөйтіп, миы ашып кеткен жігіттер өзінен үлкен ақыл тоқтатқан әйел адамдарға келіп, еркектерге тыныштық керек, гармония керек, - дейді психолог үлкен әйелдерге үйленетін жас жігіттер туралы.