Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасты дегендерге жауап берді

479

Фото: Іnstagram.com/kair_n/Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасы Қайрат Нұртаспен ажырасып кеткені жайлы қауесеттерге нүкте қойды. "Әлем ханымы-2020" өзімен асханада тамақ ішіп отырған күйеуінің видеосын жариялады.

Жұлдыз Әбдікәрімова отағасымен түскен бейнежазбасымен Instagram желісіндегі Stories бөлімінде бөліскен.
 "Қайрат қайда? деген толассыз сұрақтарға бір жауап. Бәрі оны іздеп жатыр. Ал ол болса үйде осылай отыр" , - деді хитменнің жары. 

Өнер иесінің өзі бұл сәтте кешкі ас пен қымыз ішіп отырған. Ол келіншегінің даярлаған тағамына бағасын беріп, оған өз алғысын білдірген. 

Алматылық мейрамханада ұсталып дауға қалған Қайрат Нұртастың отбасы әлі де көпшілік назарында жүр. Желі қолданушылары бір-бірін Instagram-да өшіріп тастап, бірге түскен суреттермен бөліспей кеткен ерлі-зайыптыларды ажырасып кетті деп болжауда. 

Жұлдыз Әбдікәрімова өз жазбасымен ел арасында тарап жатқан қауесеттерді одан бетер ушықтыра түсті. Хитменнің жары балаларына бір бөлмеде тар болғандықтан, қазіргі таңда жаңа үй іздеп жатқанын хабарлады. Бұл жазбадан кейін көпшілік ерлі-зайыптылардың бөлек тұрып жатқандарына кәміл сенімді болды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.