Әнші Мәдина Сәдуақасованың ұлы құны 4 млн теңгені құрайтын мектепте білім алуда

1 719

Мәдина Сәдуақасова НТК арнасына берген сұхбатында ұлының ең қымбат мектепте оқитынын айтты, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әнші Мәдина Сәдуақасова ұлын оқу жылына еш қарбалассыз дайындалған. Себебі құны 4 миллион теңге тұратын мектеп оқушыларды оқуға қежетті құрал-жабдықпен және мектеп формасымен қамтамасыз етеді.


“Бүгін алғашқы оқу күні. Біз жақсы дайындалдық. Бұл мектепте барлығы бар. Біз ештеңе сатып алмаймыз. Бізге “Балаңыздың мектеп формасы дайын, алып кетіңіздер” деп хабарлама келеді. Оқу жылының басталуына екі апта қалғанда алып кетеміз. Сол киімімізді үтіктеп, дайындап, 15 минутта жиналып келдік. Мектепке 450 мың теңге төлейміз. Алғаш түскен кезде 300 мың теңге төлегенбіз, қазір бағасын 450 мыңға көтеріп қойды. Бірақ оның ішіне бәрі кіреді. Тіпті өшіргіш дейтін майда-шүйдеге бас ауыртпаймыз”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.


Алайда әнші уақыттың тығыздығына байланысты жылының төрт күнін ғана ұлына арнайды. 


“Мен жылына төрт күнімді ұлыма арнап, концерт, мерекелік шаралардан бас тартамын. Әунардың туған күні, яғни 17 маусым, Білім күні, 8 наурыз және Жаңа жылда ұлымның жанында боламын. Бұл күндердің қатарына тіпті күйеуімнің туған күні кірмейді”, – деп күлді өнер иесі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.