"Кеудеңді жап"...

856
Отандық танымал әнші Зарина Омарова ел алдына жаңа образда шықты. Имиджін өзгертіп тастаған өнер иесін жанкүйерлері танымай қалған. Ал кейбір оқырмандар әртісті ашық образы үшін сынға да алып үлгерді. Бірақ, олар шоу-бизнес жұлдызының кеудесін жауып тұрған жұқа матаны байқамаған.
Зарина Омарова Instagram парақшасында жаңа фотоларымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Наурыз мерекесіне арналған бағдарлама түсіріліміне қатысқан әншінің образы жұртшылыққа ұнамай қалған көрінеді. "Бәрі әдемі, бірақ неге кеудеңді айқара аштың?" , "Толығымен аша салмадың ба?" , "Ұят емес пе?Кеудеңнің ашық тұрғаны бәрін құртып тұр" , "Не сұмдық? Кеудеңді жап" , - деп жазды ұятмендер. 
Дегенмен де, желі қолданушылары арасында Омарованың жаңа образына тәнті болғандар да баршылық. Олар сыни пікір білдіріп жатқандарға тойтарыс беріп, әртісті жақтап шықты.