Ақбота Керімбекова ұлын әскерден күтіп алды
611
Танымал әнші Ақбота Керімбекова ұлын әскерден күтіп алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жарыса құтты болсын айтқан. Оқырмандардың кейбірі баласын әскерден күтіп жүрген ана екенін жасырмады.
Сүйінші! Әскерден әжесінің баласы келді. Ананы бақытынан айырмасын. Аналар жыламасын, - деп әнші Instagram парақшасына жазды.
Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жарыса құтты болсын айтқан. Оқырмандардың кейбірі баласын әскерден күтіп жүрген ана екенін жасырмады.
"Жас сарбаздар аман болсын", "Аман-есен келіп, апасын қуантқан баладан айналдым. Апасының тілеуі қабыл болды. Сол кісі аман болсын", "Менің де балам әскерде. Күтіп жүрмін", "Керемет. Әжесі мен анасын қуантып, әскерден оралған сарбаз бақытты болсын". "Барлық аналардың әскердегі балалары осылай аман есен келсін. Апасының қуанышы құтты болсын", "Қуаныштан көзіме жас келді", "Аман-сау оралғаны жақсы болған екен", - деп жазды желідегілер.