“Жар-жарды” өзгертіп айтқан әнші дауға қалды
Белгілі ақын әрі әнші Әбдірахман Асылбековтің қызы мен Almasoz атты әртіс арасында “Жар-Жар” халықтық әуеніне қатысты дау туған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Almasoz әлеуметтік желідегі парақшасында Әбдірахман Асылбековтің қызы хабарласып, “Жар-Жар” атты соңғы әнін барлық стриминг платформасынан өшіруін сұрағанын айтқан. Қызы ән тек әкесінің мәтінімен орындалуға тиіс деп санайтын көрінеді.
Ал Almasoz “Жар-Жар” әуені Асылбековтың мәтінінен әлдеқайда бұрын пайда болғанын және оны бір ғана авторлық нұсқамен шектеуге болмайтын халықтық дәстүр екенін алға тартқан.
Ол сондай-ақ қазақстандық заңгерлерден көмек сұраған.
Almasoz бен белгілі ақын әрі әнші Абдрахман Асылбековтің қызының арасында дау тудыӨнер иесі Әбдірахман Асылбековтің қызына туындысына авторлық құқықты беруге дайын екенін, тек әннің платформаларда қалғанын қалайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл туындыны шығару үшін жанын салған.
Almasoz бен белгілі ақын әрі әнші Абдрахман Асылбековтің қызының арасында дау тудыӘбдірахман Асылбеков – “Жар-Жар” ұлттық әуеніне мәтін жазған танымал қазақстандық ақын.
Сонымен қатар бұл әуен қазақтар мен қырғыздар арасында ежелден қолданылып келеді. “Жар-Жар” – салт-дәстүрлік ән, оны тойда және қыз ұзату рәсімінде жігіттер мен қыздар арасындағы айтыс түрінде орындайтын болған. Әннің негізгі мәні – шет елге кетіп бара жатқан қызға ақыл-кеңес беру.







