Анара Батырхан Кореядағы тойға шақырту алып, ән шырқады

2 525

Фото: instagram.com/anarabatyrkhanОтандық актриса, тележүргізуші Анар Батырхан Оңтүстік Корея еліндегі тойға шақырту алды. Ол қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады , - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Актриса бұл Оңтүстік Корея еліне алғашқы сапары екенін айтты.

"Кореяға тойға шақырту алдым. Бұл елде менің тыңдармандарым барын білгенде қатты қуандым! Кореяға бірінші сапарым осындай керемет себеппен болғанына ризамын! Мені өте жылы қабылдады! Мен үшін қуанып қойыңыздар", - деді Анар Батырхан. 

Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікір жазып қалдырды.

"Жарайсың, корейлердің бар назарымен тыңдап отырғаны сүйсіндірді. Үлгі аларлықтай-ақ екен", "Бұлар да әнші болып кетті ме?", "Дауыс жоқ, талант жоқ", "Кереметсіз", "Осылай әр тілден ән айтқанға не жетсін", "Биікке өрле", "Байқа, алып кетпесін", - деді көпшілік.