Роза Рымбаева өзінің қандай қудалауға ұшырағанын айтып берді
Кеңестік және қазақ эстрада әншісі Роза Рымбаева өзін сұлу әншілердің қатарына жатқызбайды. Халық әртісінің мұндай байламға келуіне өнердегі әріптесі себеп болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жас кезінде Рымбаеваға "түрі қорқынышты" деп баға берген Бари Алибасов әншінің бойында комплекс қалыптастырған көрінеді. Бұл туралы Рымбаева Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.
"Бари Алибасов деген белгілі музыкант бар. Сол екеуміз 1975 жылы Алматыда байқауға қатысып, мен жеңіп шыққанмын. Сонда Алибасовтың теледидардан сұхбат бергені бар.
Сондықтан өзімді сұлулықтың эталоны деп есептемеймін. Өзімді бар күйімде жақсы көремін", - дейді Рымбаева.
Одан бөлек, Халық әртісі өнерде жасандылықты ұнатпайтынын ашық айтты.
Тойларға барғанда қарапайым, орташа киінемін. Әртіс деген атың бар. Онда да халықпен бірдей болуға тырысамын. Ал сахнаға кейде жылтырақ, үлкен көйлектер киесің. Ол әннің образына байланысты. Мақсат көйлек көрсетуде емес", - деп түсіндірді Роза Қуанышқызы.