Альмира Тұрсын христиан дінін ұстанатынын айтты

746

Актриса Альмира Тұрсын ұлты мен діни сенімі жайлы сауалға жауап берді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Тұрсын әкесінің кәріс ұлтынан екенін айтқан еді. Алайда актрисаның айтуынша, Юрий Николаевич оның туған емес, өгей әкесі. Бұл жолы Тұрсын өз ұлты жайлы сауалға жауап берді. 

"Мен қазақпын. Тегімде татар мен еврейдің қаны бар", - деді ол. 

Сондай-ақ, Альмира Тұрсын қандай дінді ұстанатынын бөлісті.

"Анам екеуміз 20 жылдан бері христиан дініндеміз. Ол кезде әкем екеуі кездеспеген. Протестанттық бағыттағы христиан діні жүрегім мен жаныма жақын. Бұл менің саналы жеке таңдауым", - деп ағынан жарылды ол. 

Актриса ислам діні мен хиджабқа деген көзқарасы оң екенін, өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтынын жеткізді.


"Барлық діни сенімдерге деген көзқарасым толерантты. Әр адамның таңдауын қабылдап, құрметтеймін. Сынамаймын, талқыламаймын! Өзім мен дүниетанымым үшін зерттеймін", - деп түсіндірді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.