Қайрат Нұртас қызының тұсауын Динара Сәтжанға кескізді
Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші қызы Рәбия Сұлтанның тұсауы кесілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Тұсау кесу рәсіміне белгілі журналист Динара Сәтжан қатысқан. Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.Актриса қазақтың дәстүрлі рәсімінің мән-маңызына да тоқталған.
Желі қолданушылары да жас отбасыға ақ тілектерін жаудырып, алайда тұсауды кімге кестіргеніне қатысты пікірлерін білдірген. Кейбір оқырман бұл рәсімге Рәбия Сұлтанның әжесі немесе енесі лайық болғанын жазған.
«Өзінің анасы мен енесі тұсау кесуге әбден лайық жандар. Той құтты болсын! Соны айтам да, тұсау кесерде дұрысына кістірмеді ме екен? Бәрі жақсы, тек тұсауын басқа кестіргені дұрыс еді. Қазақтың бетке ұстар жас аналары бар еді ғой. Қазақ өзі ырымшыл халық, бұның несіне ырымдады екен? Өз енесі Гүлзираға кестіру керек еді. Өз енесіне жетер ешкім жоқ», – деп пікір қалдырған желі қолданушысы.







