Димаш Құдайберген Дубайда мейрамхана ашқалы жатыр

272
Әнші Димаш Құдайберген Дубайда мейрамхана ашатынын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

"Достар, Дубайда жақында менің жаңа кәсіп мекемем ашылады. 2022 жылдың 15 наурызында Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына қарама-қарсы орналасқан Address Boulevard отеліндегі орын дубайлық жұрттың көңілінен шығар деген үміттеміз. Жоба DQ Show & Gastronomy деп аталады. Бұл театрлық шоу мен жоғары сапалы ас үй тамағының үйлесімі болады", - деп жазды ол.

Әншінің айтуынша, екі жарым мың шаршы метрлік орын 300-ін кәсіби сахнадан тұрады.

"Бұл сахнада жоғары деңгейдегі әртістер өнерін көрсетеді. Дубайдың адам тартатын ортасындағы мейрамханада керемет театр шоуына және түрлі талғамға арналған асқа баса мән беріледі. all-inclusive форматы кулинарлық шедеврден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ас түрінің кеңдігі сонша, ең кірпияз мейман өз талғамына қарай ас іше алады. Еттің түр-түрі, теңіз өнімдері мен премиум класс санатындағы сусындар беріледі. DQ Show & Gastronomy! Билет алу үшін мұнда өзіндік жүйе де қалыптасқан. Бір уақытта оған 300 адам сияды. Әр айда мұнда әлем жұлдыздарының қатысуымен кеш өтеді", - дейді өнер иесі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.