"Абай болыңдаршы"...

291
Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева асқан жауыздықпен өлтірілген Аяжан Еділованың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жантүршігерлік жағдайдан кейін барша қыздар қауымына үндеу жасады.

Меруерт Түсіпбаева танысының құрбаны болған ару жайлы әсерлі жазбаны Instagram парақшасында жариялаған. Эстрада жұлдызы бұл адамшошырлық жағдайдан кейін бойжеткендердің барлығын абай болуға шақырды.
 
"Қыздар - ау. Бәріміз бақытты болғымыз келеді. Бірақ, абай болыңыңдаршы! Жүз рет ойланыңдаршы, еркектің уйіне кірерде. Мейлі, жұмыс бабымен болса да. Заман- жаман! Заман- жылан! "Басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алған". Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат беріпті. Көршілер түк естімеген бе? Сонша қиналса. Сабыр берсін сіздерге, иманды болсын Аяжан -қыз. Не айтамыз, өзіміздің қазақ, Түркістан облысының тумасы, жауыз, маньяк. Не болып барады?! Өмір қайда кетіп барады" , - деп жазды Түсіпбаева.