Дариға Бадықова көпшіліктен сүйінші сұрады
Қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова көпшілікті тебіренткен қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі өзінің қолдауымен бір отбасының көптен күткен сәби сүйгенін айтып, қуанышын жасырмады.
Актрисаның айтуынша, ол 2025 жылы “Мәриям” қорына хабарласып, есту қабілеті төмен әрі сөйлей алмайтын ерлі-зайыптылардың ата-ана атануына көмектесуді мақсат еткен.
Дариға Бадықова алғашқы жүктілік сәтсіз аяқталғанын, алайда дәрігерлер үміт үзбей емдеуді жалғастырғанын айтты.
Ол мұндай жаңалықтың өзін ерекше қуантқанын айтып, кәсіби дәрігерлердің еңбегіне ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар актриса сәби сүюді армандаған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында “Мәриям” қорына тұрақты түрде садақа аударып тұратынын жеткізді.







