Белгілі журналист Димаштың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді
2 270
Белгілі журналист Ержан Төлек Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы ән сапарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілі халық әртісінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.
"Димашты қорғау керек! Мына видеоны көріп қатты алаңдап қалдым. Димаш Жаһанға қазақтың руһын, тілі мен өнерін танытып, мойындатып жүр! Қазақстанның имиджін қалыптастырып, көптеген елдерде ұлттың төлқұжатына айналды. Димаш бүгінде әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан жанкүейерлерінің көп болары сөзсіз. Мына жерде қорғаушылар әлсіз көрінді. Олардың тасқындай толқыған жанкүйерлер алдындағы дәрменсіздігі байқалады”, – деп жазды журналист.
Одан кейін медиа маманы өнер иесінің қауіпсіздігін мемлекет деңгейде көтеру керегін айтты.
“Димаштың әлемде миллиондаған жанкүйері бар. Әрбір қазақ тақым қысып отыр. Меніңше, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек. Ұлттың жауһарын көздің қарашығындай сақтау қажет!", – деп жазды ол.







