Ерке Есмахан ене мен келіндерге тіл қатты

2 545

paryz.kzТанымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында арасында араздығы бар ене мен келіндерге тіл қатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі ене де, келін де мінсіз болуға міндетті емес екенін алға тартты.

"Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы "келінім оңбады, сендей болғанда ғой" деп, келіндер жағы "енеммен сыйыса алмайм, сыйлық сыйламаймын" деп жазуда. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббатты, назарды берсек, айнала соны қайталайды… Айнала - айна! Енелер, өтініш, "келіндер маған міндетті" деген ойды қояйық. Келіндеріңізге өз өздерін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты!

Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата енелеріміздің түсінігі басқашалау. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық. Құтты Келін курсына продажа ертең ашам. 5000 тг дайындап отырыңыздар дееепше. Қалжың", - деп жазған ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.