Алаяқтар Құралай Анарбекованың атынан 900 мың теңге сұраған

346

Желіде танымал адамның атын жамылып, елден ақша сұрайтын алаяқтар көбейген,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Сұмдық жағдай. Біреу менің фотомды пайдаланып, таныстарым мен достарыма хат жазып, қарызға ақша сұрауда. Бұлар – алаяқтар. Өтініш, алданып қалмаңыздаршы. Құқық қорғау органдарына жүгінуге ниеттімін. Бірақ дәл қазір барлығына ескертуім керек. Мен ешкімнен ақша сұрап жүрген жоқпын. Алаяқтардың өтінішін бұғаттаңыздар", – деп ескертті актриса желідегі парақшасында. 

Оқырмандар алаяқтықтың бұл түрі кеңінен таралғанын атап өтті. Олардың арасында алданып үлгергендер де бар
.
 "Сізге де жетіпті ғой", "Менде дәл осындай жағдай болған, мен ақша жібердім", "Алаяқтар бәрін табады", "Сол баяғы схема, тіпті номерлері де ұқсас", "Қандай үлкен сомма, ешкім жіберіп үлгермеді деп үміттенемін", - деп жазды желі қолданушылары