Ильхан Ихсан: «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»

2 339

Фото: Instagram/ ilhan.ihsanovТанымал әнші Ильхан Ихсан жас әншілерге қатысты ойын бөлісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі AIQAP подкастына берген сұхбатында отандық музыка индустриясын талқылады. 

“Ninety One болмаса, біз де болмас едік. Біз – мен, Sadraddin, Kalifarniya, Мирас және тағы басқалар. Қазақ тілінде әлемдік деңгейдегі музыкаға жол ашқан алғашқы топ – осы жігіттер. Бұған дейін бізде ондай масштабтағы бейнебаян да, рэп пен попты сәтті үйлестірген әндер де болмаған", – дейді Ильхан.

Одан кейін әнші плагиатқа қатысты ойын айтты. 

“Әлі күнге дейін ән ұрлайтындар бар. “Марс” деген әнімді шетелдің әншісінен алғанмын. Оны мойындаймын. Сол сияқты ән жазғым келді. Халық оны біліп қалды. “Шетелден ән ұрлап алыпсың” деп жазды. Мен сол кезде әннің шаблонын шетелдік эстрададан алғанымды жасырмадым. Ән алғанда түгел нотасын көшіріп алмаймын. Әннің атмосферасын бергім келеді”, – деді әнші. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.