Танымал блогер Әсел Асқар соққыға жығылды

1 529

Танымал қазақстандық тележүргізуші және блогер Әсел Асқар спортшының қолынан таяқ жегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Блогер "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.


Медиа тұлға ретінде бүгін қорландым. Жаңа Мелейский (Медеу - еск.) аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат болдым. Мен және мобилографым бүгін "Рояль" фитнес клубында болған оқиға туралы мәлімдеме жаздық.


Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Ол үлкен адам, ал мен "қазақтың ..." екенмін. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын, - деді Әсел Асқар видеода.


Блогер құқық қорғау органдарына заң бойынша жағдайды шешуді сұраған.


Құрметті генерал Запаров Арыстанғали Расылханұлы мырза, осы тергеудің барысын жеке бақылауға алуыңызды сұраймын. Алматы қаласының прокуроры Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев осы оқиға аясында заң орындалуын бақылауыңызды сұраймын. ...Мен өз елімде өзімді қауіпсіз сезінбеймін, - деді Әсел Асқар.


Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты жауап берді.


«Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы (»Ұрып-соғу«) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (»Ұсақ бұзақылық«) бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.


Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды.


«Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында», - деп атап өтті Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметінен.