Айгүл Иманбаева Тайландтағы демалысынан сурет жариялады

550

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева теңіз жағасында жартылай жалаңаш тұрған суретін жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Иманбаева сол фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда актриса теңіз жағасындағы құмда суға түсуге арналған іш киіммен тұр.


Өнер иесі шет елге сапар шеккелі бері жеке өміріндегі оқиғаларды күнделікке жазуды әдетке айналдырыпты. Айгүл дәл қазір Тайландтың ең қымбат аралы — Пхукетте демалып жатыр. Алайда әнші бұл елге кіммен барғанын ашып айтпады.


Күнделік бастадым. Бүкіл ішкі әлемімді сонда жазамын, — дейді Айгүл Иманбаева.


Актрисаның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары оны сынап тастады.


"Неге барлық әншілер бір жерін ашып кеткен?", "Күнделікті қайтесіз? Одан да тізеңізден төмен киім кисеңізші", "Грим болмаса әдемі емес екенсіздер", — деп жазды желі оқырмандары.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.