Шоу-Бизнес
474
"Өзімді көргендей болдым": Жігер Ауыпбаев талантымен елді тамсандырған қойшы баланы қалаға әкелді

Өрісте қой кезекте жүріп кеш батқанша уақыт өтпей қоятын. Сол кезде астымдағы атымды тұсап қойып қойларға айқайлап ән айтып беретін едім. Таудың тәрбиесі бөлек қой. Маған дейін біраз жандар хабарласып қойшы балаға қолқа салған екен. Қойшы баланың ата-анасы, бауырлары маған шәкірттікке беруге ниетті екенін білдірді. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға". Өзім әлі күнге дейін біреуге шәкіртпін. Десек те, осы күнге дейін жиған азды-көпті ілім-біліміммен енді қойшы баланы баптап көреміз. Өнер жолы өте ұзақ жол. Бұл жолда өнерді сүйген адам ғана жетістікке жетеді. Арманға жету жолында қаншама қиындықтар, соқпақ жолдар кездеседі. Солардың бәрінен сүрінбей өткен адамның маңдайы жарқырайды. Ал сіздер қойшы бала екеумізге сәттілік тілеп, ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар", - дейді өнер иесі.