Әнші Роза Рымбаеваға көлік мінгізіп, құрмет көрсетілді

2 517

Фото: ©коллаж Sn.kzБелгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға автокөлік сыйлады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Абай облысының басты ақпарат алаңдарының бірінде жарияланды. Мәліметке сәйкес, Қалбатау ауылында ашық аспан астында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылған. Мәдени кешке отандық эстраданың танымал жұлдыздары – Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, әншілер Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya қатысып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлаған.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан концерт барысында Дәулет Тұрлыхановтың сахнаға шығып, Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстаған сәтін көруге болады. Желі қолданушылары өнер иесіне көрсетілген құрметке жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдыруда

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.