Анар Батырхан көпшілікке "сүйіктісін" көрсетті

840
Актриса Анар Батырхан желіде  өзінің "сүйіктісі" ретінде үнді актері Шакрух Ханды таныстырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Анар Батырхан аталмыш фотоларды Instagram парақшасында бөліскен.

"Сүйіктім екеуміз сіздерге сәлем жолдаймыз", - деп жазып қойды актриса.

Желі қолданушылары өнер иесінің әзіліне сүйсініп, оған түрлі пікірін білдірді. Ал кейбірі оған өз жасына сай жігітті таңдауға кеңес берді.
"Анар армандар орындалады. Бір күні шынымен осылай болып жүрмесін", "Бұл кісі қартайды ғой. Жас актерлер көп қой", "Сіз әлі бұл кісіні аңсап жүрсіз бе? Шахрух ата болды ғой", "Фотошопты қатырыпсыз", "Қоймайды екенсіз. Қанша жыл өтсе де махаббатыңыз сол қалпы", "Визуализацияңыз керемет екен", "Бұл актер біздің аналарымыздың да махаббаты болған", - деп жазуда оқырмандар.