Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды

2 747

Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficialТанымал продюсер, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы ел талқысына түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайрат Нұртастың келіншегі көпшілікке еліміздегі танымал дизайнердің жаңа топтамасын таныстырды. Актриса подиумға жылан терісіне ұқсас матадан тігілген көйлекті киіп шығып, ел назарын өзіне аударды. Бірі мақтап, енді бірі даттап та үлгерді. Оған қоса сән көрсетілімінің соңында өнер иесі модельдердің шеруін бастап шықты. 

Алайда көпшілікке актрисаның киген көйлегі ұнамай қалды. Бірі жақтаса, енді бірі қазақ келіндеріне жараспайтын киім деп даттады. 

“Осындай да көйлек бола ма?!”, “Жартылай жалаңаш көйлекті ешкім кимейді”, “Қазақ келіндеріне жараспайтын киім”, “Өте сұлу да өзіне сенімді ару", "Қадамдары нық деп осындайда айтады екен. Кәсіби модельден еш жері кем емес", "Не деген фигура, 4 баланың анасы деп кім айтады", "4 бала туған әйел де жас қыздай көрінетінін тағы да дәлелдедің", "Мүсінінде бір мін жоқ", "Жоғары деңгейде жүріп өтті. Не деген харизма, энергия", "Сөз жоқ, сұлусыз. Қарай бергің келеді", – деп жазды оқырман қауым. 


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.