"Әркімге өзі көтере алатын сынақ береді"

525
Қазақстандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова Айқын Төлепбергеннің әйелі туралы қандай ойда екенін ашық айтты. Ол Жұлдыз Өмірғалимен жеке сырласып, оның бойынан үлкен қайсарлықты байқаған. 

Жұлдыз Әбдікәрімова отандық телеарналардың біріндегі жоба аясында Жұлдыз Өмірғалимен танысып, оны жақын тани түскен. Қайрат Нұртастың келіншегі өзімен аттас ару жайлы пікірімен Instagram парақшасында бөлісті.

Ол Айқынның жары өте ақжарқын адам екенін алға тартты. "Екі Жұлдыз бен Айя. Жұлдызбен жақыннан танысып, шын мәнінде өте ақжарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін жан екенін түсіндім. Әркімге өзі көтере алатын сынақ береді. Бастысы сынып кетпеу. Талдырмаш бойында сондай күш-жігер мен қайсарлық бар. Жарқыра", - деп жазды Әбдікәрімова.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.