Бас мүфти өртенген 5 баланың жаназасына бармай, Сәкен Майғазиевтің тойына барды

2 670

Фото: Әлеуметтік желіденҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Тағанұлы әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына барып, бата бергені үшін сынға ұшырады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары Қазақстандағы қайғылы оқиғаларда бой көрсете бермейтін бас мүфтидің тойға баруын ерсі деп санайды.

“БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау”, – деп жазды журналист Диас Нұрақын.

Пікірлер арасында бас мүфтиді “барлығын бизнеске айналдырып жіберді” деп айыптағандар да, “тойға баруында ешқандай ерсілік жоқ" деп ақтағандар да бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.