«Тілім бар деп оттай берме!» – Танымал блогер Баянға шүйлікті
Желіде хиджабтағы танымал блогердің продюсер Баянға бағыттаған сыны қызу талқыланып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Видеода блогер Баянның дін өкілдеріне айтқан пікірлерін сынап, ақырет жайлы ескерту жасайды. Оның айтуынша, «қанша атақ-абырой мен байлық болса да, адам өмірінің соңында бәрі шариғат бойынша жүзеге асады».
«Баян ханым, сіз дүниеден өткенде сізді Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша, өзіңіз жақтырмайтын шариғатпен жерлейді. 25 метрлік ақ матаға орап қояды. Сізді брендтеріңізбен немесе әшекейлеріңізбен жерлемейді. Ақырет күні сіз үшін адвокаттарыңыз жауап бермейді, атақ-абырой көмектеспейді. Имамдарды сынап, сақалдыларды тілдеп жүрсіз. Бұл үшін кейін өзіңіз жауап бересіз. Кеш болмай тұрғанда кешірім сұраңыз», – дейді блогер видеода.
Айта кетейік, желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бірі блогердің сөзін қолдаса, енді бірі Баянға орынсыз шүйлікпеуді сұрап, оның жеке пікір білдіру құқығын қорғады.







