Айқын Төлепберген бағдарлама кезінде әйеліне екі бөлмелі пәтер сыйлады

2 177

Фото: instagram/ aikynҚазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасында жұбайына күтпеген тосынсый жасап, көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бағдарлама барысында әнші екі баласының анасы Жұлдыз Өмірғалиға Алматыдан екі бөлмелі пәтер сыйлады.


Айқын әйелінің көзін байлап, тосынсыйын ұсынған сәтте Жұлдыз Өмірғали қатты таңқалып, жолдасына ризашылығын білдірді.


"Бұл - Алматыдан екі бөлмелі пәтердің кілті. Құтты болсын! Бірақ бұл "бөлек тұр" деген сөз емес. Нағыз қазақша бизнес. Пәтерді жалға беріп, ақшасын өзің аласың. Бұл сенің табысың болады", - деді Айқын көпшілік алдында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.