"Бөпем жыбырлақ" - Ерке Есмахан

2 530

Танымал әнші Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі әсерімен бөлісіп, бойындағы өзгерістер жайлы ашып айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Бөпеміз дүниеге келгенше ұйықтап алуғы тырысып жүрміз. Бірақ мен ерте тұрып кете беремін. Ал әкесінің ұйқысы жақсы. Менің қазіргі күйімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Алла шүкірден басқа айтарым жоқ. Жүрегімнің ішіндегі жүргеімнің өз режимі бар. Күнде таңертең мені осындай ғажап күйге түсіреді. Мерзімім жақындаған сайын жату да ыңғасыйз. Бөпем де жыбырлақ. Қысқасы бір-бірімізбен кездесуге асығып жүрміз. Мен негізі ұйқының адамымын. Іштен, қуықтан, өкпеден тепкілеп, ұйқымнан оятып, бұл кішкентай мені жеңіп тұр. Анау-мынауға жеңіле қоймайтын едім. Босанған соң әкесі мен ағасына ұстатам да, өзім ұйықтаймын деп отырмын. Қайдам бірақ...”, – деп жазды Ерке Есмахан.


Өнер иесі әрбір қыз-келіншекке ана болу бақытын тіледі.


“Әкесі екеуіміздің басымыздан өтіп жатқан қызықты сәттеремн бөліскім-ақ келеді. Бірақ еріншек Ерке озып тұр. Айтайын дегенім, әрбір қызға жүктілік кезеңінен өтіп, ана бақытын сезіну бұйырсын. Бақытты болыңыздар”, – деп тілекші екенін жеткізді әнші.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.