Еркеден қалыспаған Кәмшат Жолдыбаева жас актерға ұзатылды

2 401
Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева өнердегі жас әріптесімен көңіл қосты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның ұзатылу сәтінен видеолар тараған болатын. 

Бұған дейін Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлының кездесіп жүргені жайлы қауесет тараған болатын.

Әнші Камшат Жолдыбаева актер Ғазрет Қажмұхановқа ұзатылды. Ғазрет – Ақтөбенің тумасы.

Кәмшаттың анасы қызына сәукеле кигізіп, ақ батасын беріп ұзатып салды.

Қызым ұзатылып, қадам басып, ұясынан ұшқалы тұр. Көрші Ақтөбе облысы, үлкен рулы ел Әлім ауылына келін болды. Бірінші Аллама, екінші күйеу балам Ғазретке аманат. Бір-біріңді сыйлай біліңдер. Өмірде қол ұстасып өтіңдер. Біз құда-құдағи болып сендердің тойларыңда жүрейік. Бақытты болыңдар, – деген анасы тіл-көзден аман болсын деген ниетпен Кәмшаттың мойнына тұмар тақты.