Орамалын шешкен Абай Бегейдің қызы әншілікке бет бұрды
Танымал әнші Абай Бегейдің қызы күтпеген мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол жақында ғана орамалын шешкен еді. Енді өнерге бет бұрғанын байқауға болады. Сымбат Абайқызы бұл қадамның оңайға соқпағанын айтқан.
"Пабликтерге рахмет,менің шешімімді өзімнен бұрын сүйіншілеп хабарлап қойыпты.. Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатырған пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатырған барша жандарға үлкен рахмет", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, жылы тілектерін білдіруде.
“Ең бастысы ниетте. Ниетің дұрыс болса болды ғой. Орамалмен жүріп те неше түрлі жаман нәрселер жасап жүрген адамдар да бар”, “Жап жас болып оранудың не қажеті бар? Имандылық жүректе болса болды”, “Өте әдемі. Орамал шеше ме, кие ме әркімнің өз тағдыры, басынан өтіп жатқан сынағы бар. Ешкімге сын айтатын құқымыз жоқ”, “Сіз үшін қуаныштымын, өте әдемі”, – деп жазған олар.







