Мөлдір Әуелбекова ұлының әкесіне қатысты жаңалығымен бөлісті

2 509

Коллаж:© sn.kzТанымал әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жаңалықты бөлісті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әншінің жазуынша, бұрынғы жолдасы кешірім сұрап, баласына қамқор болып, шығындарын өз мойнына алатынын жеткізген. 


«Махаббат... Бүгін Салтайдың әкесі хабарласты... Өткен-кеткенге кешірім сұрады... Балаға Әке болып, қамқор боламын деді... Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтты... Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін... 10 жылға созылған ренішім сейілгендей... Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім - сіздерге рақмет», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.